30 қыркүйекте Халықаралық саңыраулар күніне орай «Үнсіз Әуен» концерті өтеді. Іс-шара есту қабілеті бұзылған жандарды қолдауға, ымдау тілі мәдениетін насихаттауға және қоғамның назарын инклюзия мәселелеріне аударуға бағытталған. Концертте музыкалық және шығармашылық нөмірлер ұсынылып, өнердің дыбыссыз да сезім мен ойды жеткізе алатыны көрсетіледі.