Елімізде ым-ишара тіліне ресми мәртебе берілуі мүмкін
2025-06-02 12:47
Елімізде ым-ишара тіліне ресми мәртебе берілуі мүмкін
Қазақстанда ым-ишара тіліне ресми мәртебе беру мәселесі қарастырылып жатыр. Үкімет құлағы естімейтін және сөйлей алмайтын азаматтар үшін арнайы әліпби енгізуді көздеуде. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде сурдоаудармашылардың жұмыс істеуі міндеттелуі мүмкін.
Ымдау тілі ресми түрде танылса, білім беру ұйымдарында арнайы бағдарламалар жасалып, аудармашылар мен педагогтар даярланады. Сот, аурухана және өзге де мекемелерде тұрақты түрде сурдомамандар жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік қызметтерді алу, білім мен еңбекке араласу мүмкіндігі едәуір кеңейеді.