Жаркентте аудан әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы Қазақстанның Саңыраулар қоғамы мүшелеріне қолдау көрсетті
2025-09-19 17:03
Жаркентте аудан әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы Қазақстанның Саңыраулар қоғамы мүшелеріне қолдау көрсетті
2025 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның Саңыраулар қоғамы республикалық ұйымының президенті Сайлаугүл Әлеуметқызының бастамасымен және Жаркент ауданының әкімі Сағымбек Марат Рахымбердіұлының қолдауымен маңызды кездесу өтті. Жиын барысында есту қабілетін жоғалтқан азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Кездесу нәтижесінде аудан әкімі қоғам мүшелеріне Мәдениет үйінде арнайы қабылдау бөлмесін ашу үшін жеке кабинет бөліп берді. Бұл кабинет – қоғам мүшелерінің өз мәселелері мен мұң-мұқтажын ашық айтып, тиісті көмек ала алатын маңызды әлеуметтік кеңістікке айналмақ. Бұл – жай ғана кабинет емес, үміт пен сенімнің, шынайы жанашырлықтың көрінісі.
Кейін аудан әкімінің орынбасары Қанат Нұркенұлының қолдауымен Жаркент қаласында құлағы естімейтін тұрғындармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, олардың өзекті мәселелері тыңдалды.
Алдағы уақытта есту қабілеті шектеулі азаматтарға арналған жұмыспен қамту бағытындағы өндірістік цех ашу мәселесі де қарастырылып, бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынуда.