Жеңіл өнеркәсіп - кез келген мемлекеттің маңызды шаруашылық салаларының бірі, себебі шығарылатын өнімді қарапайым халық тұтынады. Ал, осы бағыттағы қызметкерлердің басым бөлігі - әлемді әлдилеген әйелдер.
14 маусымда “Қазақстандық саңыраулар қоғамы” оқу- өндіріс мекемесінде Ақтөбе қаласының 155 жылдығы аясында, «Жеңіл өнеркәсіп» күніне арналған «Ақтөбеге тарту» атты мерекелік ойын – сауық бағдарламасы өткізілді. Шара барысында мекеме қызметкерлері жұмыс орындарымен таныстырып, қолдан тігілген бұйымдарын көрсетті. Шара соңында әйелдер мәдениет үйінің ұйымдастырған жарыстарына қатысып, мерекелік сыйлықтарына ие болды.
Осы саланың барлық қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілейміз.