Дөңгелек үстелге негіз болған мәселе – Мәжіліс депутаты Тансауле Серіковтың 2025 жылғы 24 сәуірде жасаған депутаттық сауалы. Онда ым- ишара тіліне ресми мәртебе берілмегені және дактиль әліпбиінің мемлекеттік деңгейде бекітілмегені көтерілген болатын.
«Бүгін біз есту қабілеті бұзылған қазақстандықтардың күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын талқылау үшін жиналдық. Олар сапалы білім ала алмайды, оларға көптеген жоғары оқу орындарының есігі жабық. Музыка, фильмдер, театр қойылымдарын толыққанды тамашалай алмайды. Бұл қиындықтарды күн сайын 20 мыңнан астам азаматымыз бастан кешіруде», – деді «Ауыл» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Тансауле Серіков.
Депутаттың айтуынша, негізгі қадамдар ретінде ым-ишара тіліне ресми мәртебе беру, дактиль әліпбиін бекіту, бірыңғай оқыту стандарттарын әзірлеу және сурдотілмаштарды даярлау қажет.