Главные новости

Әр дауыс естілуі керек.

2026-06-10 13:44
Әр дауыс естілуі керек.

Біз үшін қалыпты көрінетін дүниелер кейбір азаматтар үшін күнделікті күреске айналған. Өз ойын жеткізу, білім алу, қызметтерге қол жеткізу, қоғаммен еркін араласу — есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін әлі де өзекті мәселе.

Жақында өткен кездесуде олар ым тілін қолдануға қатысты шектеулер бар екенін, өздеріне ыңғайлы қарым-қатынас тәсілін еркін пайдалана алмайтынын айтып, өз мәселелерін көтерген еді. Бұл — жай ғана тіл мәселесі емес. Бұл — адамның өзін еркін сезінуі, қоғамда өз орнын табуы және тең мүмкіндіктерге ие болуы туралы мәселе.

Осы түйткілдер мен оларды шешу жолдарын талқылау мақсатында 9 маусым күні сағат 15:00-де Мәжілісте Respublica партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Әр азаматтың үні маңызды. Әр пікір естілуі керек.